Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда жолдарды жөндеуге 62,8 миллиард теңге бөлінеді

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс аумағында  жолдардың ұзындығы 9 мың шақырымды құраса,  1468 шақырымы–республикалық, 7530 шақырымы жергілікті маңызға ие.

Солтүстік Қазақстанда жолдарды жөндеуге 62,8 миллиард теңге бөлінеді

Соңғы үш жылда 1900 шақырым жол жөнделген. Былтыр  жолдарды қалпына келтіруге 21 миллиард теңге бағытталған.  Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі  61 процентке жеткен.

Десек те, шалғайдағы елді мекендерге тартылған жолдың сапасы әлі де көңіл көншітпейді. Жауапты учаскелер сеніп тапсырылған мердігерлік компаниялар тарапынан да елеулі кемшіліктер кездеседі.  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша  2937 шақырым жол жөндеуді қажет етеді.  Соған сәйкес биыл 705 шақырым жол жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа рекордтық қаражат жұмсалмақ.

«Биыл жолдарды жөндеуге 37 миллиард теңге қарастырылады. Бұрын жолдарды жөндеуге мұндай қаржы бөлінбейтін»», дейді аймақ басшысы деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы 3 жылда жолдарды жөндеу 62 мың тұрғыны бар 128 елді мекенді қамтыса,  облыстың 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық  кешенді даму жоспарына орай 62,8 миллиард теңге жұмсау қарастырылған.  Сонда жақсы және қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың үлесі 73 процентке дейін артады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы