Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Бердібек Сапарбаев облыстағы жастар қозғалысының белсенділерімен кездесті

677 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 25 қаңтар, жұма күні  Мемлекет басшысының Жастар жылы аясындағы тапсырмаларының орындалу мәселелерін талқылау үшін облыстағы жастар қозғалысының белсенділерімен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, «Қaзaқстанның Eңбeк Ері», қоғам қайраткері Құралай Байменова, Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері  Марат Қойлыбаев және басқа да танымал ақтөбеліктер шақырылды.

Бердібек Сапарбаев облыстағы жастар қозғалысының белсенділерімен кездесті

«Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетіне жылдам кіруі үшін озық технологияларды, инновацияларды және цифрландыруды енгізу қажет. Бұл міндетті бүгін жастар табысты атқара алады. Мемлекет басшысы Жастар жылын сіздерге мүмкіндігінше жеке даму үшін, жетістікке жету мүмкіндігін беру үшін жариялады. Биылғы жылы Сіздер міндетті түрде тиімді пайдалану үшін көптеген мүмкіндіктер пайда болады. Уақытты босқа жұмсамаңыздар. Бұл уақыт өте қысқа, жастықты босқа өткізіп алған  адамдар өмірінің қалған уақытында өкінеді», - деді Бердібек Сапарбаев кездесуді ашу сәтінде.

Белгілі болғандай, бүгінде Жастар жылының Ақтөбе облысы бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, ол 2018 жылғы қарашадағы «Жас барыс» бірінші аймақтық форумында жарияланған өскелең ұрпақ өкілдерінің ұсыныстары мен идеяларының негізінде болды. Жоспар бойынша облыста 300-ден астам іс-шаралар жүзеге асырылады. Олардың барлығы ел Президентінің қойған тұрғын үй, жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға қол жеткізу, жастар кәсіпкерлігін қолдау, волонтерлік қызметті жандандыру, патриоттық ұйымдарды нығайту және тағы басқалармен жастарды қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған.

«Жоспар әзірленді, бірақ біз жұмыс істейтін жанды бағдарлама болу үшін оған жаңа идеялар енгізуіміз керек. Сол себепті бүгін сіздерді, яғни облыстың белсенді жастарын, жас кәсіпкерлерді, түрлі салалардың мамандарын, студенттерін жинадық. Отанымыздың дамуына елеулі үлес қосқан аға ұрпақтың өкілдері де сіздермен бірге өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін шақырылды. Елбасы тапсырмаларын орындау біздің ортақ мақсатымыз», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жастар жылының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру белсенді кезеңге енді. Мәселен, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бірегей бағдарлама іске қосылды, оған сәйкес облыстың 29 жасқа дейінгі тұрғындары алдын ала жарнасы 350 мың теңге және ай сайынғы төлемі 35 мың теңге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып ала алады. Облыс әкімінің айтуынша, жыл ішінде жастарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кем дегенде 1 000 жеңілдетілген пәтерлер салынады.

Облыс әкімі сондай-ақ, жұмыспен қамту мақсатында кем дегенде 10 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын, 800 адам «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатынын, олардың көпшілігі бизнес-жобаларын қорғаған соң оларды жүзеге асыруға қолайлы несиелер мен қайтарымсыз грант алуға және мүмкіндік алатындарын. жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін стартаптарды қаржыландыруға 40 млн. теңге бөлініп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шағын несие беріледі және әртүрлі көздерден грант қаражаты тартылады.

«Президенттің тағы бір тапсырмасы - жоғары сапалы кәсіби білім беру. Біздің облыста заманауи ақпараттық технологиялар, инновациялар, цифрлық бағдарламалар саласындағы мамандарды дайындайтын тірек университет болып Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ анықталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10 колледж халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келу үшін жаңғыртылатын болады. Аталмыш оқу орындарында қазіргі заманғы әлемде сұранысқа ие кем дегенде 7 жаңа мамандық ашылады. Мектептерде былтыр балалар жылы басталған «Бақытты бала» жобасы аясындағы білім беруді жетілдіру, IT-класстарын ашу бойынша ауқымды жұмысты жалғасады. Жалпы алғанда, «Бақытты бала» жобасы бізге Жастар жылының бастамаларын сәтті жүзеге асыру үшін керемет алаң құруымызға мүмкіндік берді», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы кездесу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жұмысшы жастарға,  еріктілер қозғалысын  дамытуға және спорттық инфрақұрылымға (спорт алаңдарын, көшедегі жаттығу алаңдарына) еркін кіруге көп көңіл бөлінетінін мәлімдеді.

«Жетім балалар, жұмысшы жастар тұрғын үймен, тегін кәсіптік біліммен мүмкіндігінше қамтамасыз етілу керек, сонымен қатар, жастардың құқықтарын қорғау үшін барлық салаларда жастар комитеттері құрылуы тиіс. Елбасы волонтерлік қозғалысты дамыту міндетін қойды. Біздің өңірдің еріктілері өте белсенді, Сіздерді мақтанышпен айтуға болады, жарайсыздар. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша барлық оқу орындарында стипендияларыңыздың 30%-ға артуын қадағалаймыз. Бұдан басқа, аймақтағы еріктілердің корпусы құрылады, біз оны қаржыландыруға дайынбыз. Біз сапалы демалысты қамтамасыз ету үшін мәдени және спорттық нысандардың желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Қазір бізде сіздер үшін есігі әрдайым ашық тұратын қызықты, бірегей спорт және мәдени нысандар бар. Сол жерлерге барыңыздар, өзіңіздің мүмкіндігіңізді іске асырыңыздар. Ең бастысы - уақытты босқа кетірмеңіздер», - деді Бердібек Сапарбаев жастарға.

Атап өтейік, Ақтөбе облысының жалпы халқының төрттен бір бөлігі немесе 208 мыңнан астам адам - ​​14-29 жас аралығындағы жастар. Облыс әкімі олардың бірде-бірі Жастар жылының артықшылығымен қамтылмай қалмайтынын атап өтті.

«Бүгінгі кездесуге аймақтың ең белсенді жастары - еріктілер, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер мен әртүрлі саладағы мамандар, жұмысшы жастар қатысуда. Сіздер жастармен тікелей жұмыс жасайсыздар, мемлекеттік жастар саясатының жолбасшысы болып табыласыздар, сондықтан сіздердің белсенді қоғамдық қызметтеріңіз Президентіміздің өршіл міндеттерін жүзеге асыру үшін өте маңызды», - деді кездесуді түйіндеген облыс әкімі.