Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Көкшетауда маркетинг мектебі ашылды

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен алғаш рет маркетинг мектебі ашылды. Мұнда кәсіпкерлер өз ісін жетілдірудің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, бәсекелестік қабілеттерін арттырады.

Көкшетауда маркетинг мектебі ашылды

Маркетинг мектебі бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұнда бизнес-тренерлер мен жеке компаниялардың басшылары кәсіпкерлерге маркетинг пен менеджментті үйретеді. Кездесу барысында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қазақстандық маркетологтар қауымдастығы арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

– Кейбір кәсіпкерлер маркетингтің маңыздылығын түсіне бермейді. Сол себепті кәсіби түрде оқыту идеясы пайда болды. Көпшілік маркетингті тек жарнама, ғаламтордағы белсенділік ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, маркетинг дегеніміз – бизнесті жоспарлау, талдау. Қазір Қазақстанда кәсіби маркетологтар саусақпен санарлық,–дейді қазақстандық жарнама, PR және маркетинг қауымдастығының президенті Тимур Сәбитов.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпорын басшыларына бизнес-жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп келеді. Басты міндет – кәсіпкерлерді кәсіпкерлікке машықтандырып, өз өнімін сатуға көмектесу. Кәсіпкер үшін білім мен тәжірибені ұштастырып отыру маңызды.   

Республика бойынша 2013 жылы алғашқы іргетасы қаланған аталмыш мектепте күні бүгінге дейін 300-ден астам кәсіпкер білім алған.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы