Сала мамандарының мәліметі бойынша құтпан жылы дүние есігін ашқан сәбилерге жиі қойылған есімдер – Айсұлтан мен Медина екен.
Мәселен, өткен жылы дүниеге келген ұл балаларға Айсұлтан, Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан есімдері қойылған болса, қыз балаларға Медина, Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу есімдері жиі қойылған.
Естеріңізге салар болсақ, 2018 жылы Шымкент халқының саны миллионға жетіп, Елбасының Жарлығымен Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші мегаполиске айналған болатын. Ал, 17 мамырда дүниеге келген Айсұлу Еламанова есімді бүлдіршін миллионды шаһардың миллионыншы тұрғыны болып тіркелген еді.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»