Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жаппай сырғанау өткен сенбі күні Есіл өзенінде өтті. Бастамашылар «Жас Отан» жастар қанаты және Астана әкімдігінің «Астана жастары» КММ. Балалармен бірге «Астана жастарының» еріктілері де сырғанақ тепті.
Балалар коньки теуіп, шанамен сырғанады және эстафеталарға қатысқаны үшін арнайы сыйлықтар алды. Жастар ұйымдары бастамасын «Сарыарқа» ауданы әкімдігі және «Adiyat Land» компания қолдады.