Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Ауылдасын ұрып өлтірген азамат тұтқындалды

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде 23 қаңтар күні Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған жанжал кезінде ауыр соққы алып, аурухана төсегінде қайтыс болған азамат туралы ақпарат тараған еді.

Ауылдасын ұрып өлтірген азамат тұтқындалды

Бүгін оқиғаға орай ресми билік өкілдері түсініктеме беріп, мән-жайды хабарлады.

- 23 қаңтар күні Талғар аудандық орталық ауруханасына Тұздыбастау ауылының 1967 жылы туған тұрғыны ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер зардап шегушіге «жабық ми жарақаты» деген диагноз қойып, жан сақтау бөліміне жатқызған. Өкінішке қарай, науқас ауыр соққыдан алған жарақаттан оңалмады, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазір құқық қорғау органдары адам өліміне апарған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаға күдікті ретінде Талғар ауданының  1969 жылы туған тұрғынын ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамалған азаматқа қатысты «Қылмыстық кодекстің» 106 бабының 3-бөлімі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы