Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Жетісу өңірін 408218 жас мекендейді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәлім болған дерек бойынша қазір Жетісу жерінде  408 218 жас ұрпақ өкілі өсіп келеді. бар. Бұл облыс халқының үштен бір бөлігін құрайды. Демек, аймақтағы жастар мәселесіне көңіл бөлу күн тәртібінен түспек емес.

Жетісу өңірін 408218 жас мекендейді

Бүгін Талдықорған қаласында «Жастар. Жігер. Жаңғыру» деген атпен аймақтағы Жастар жылының тұсаукесер рәсімі өтті.

- Астанада Жастар жылына арналған ауқымды форум өтті. Жастар жылы ресми бастау алып, жиында Мемлекет басшысы жыл көлемінде атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Бұл Елбасының тікелей жастарды қолдауға, жастарды жаңа дәуірдің жаршысы, мемлекетіміздің болашағы ретінде негізгі қозғаушы күші екендігін жан-жақты жете түсінуінің нәтижесі деу керек. Жалпы бүгінгі жастардың білімге, еңбекке деген құштарлығы, шет тілдерін меңгеруге, инновацияны үйренуге, жаңа жобалар әзірлеуге деген талпыныстары мені қуантады. Елбасы бастамашы болып қолға алған осы бір тамаша жылдың ойдағыдай, әсіресе жастарымыздың көңілінен шығатындай өтуі үшін атсалысу баршамыздың азаматтық парызымыз деп білемін, - деді жиында облыс әкімі Амандық Баталов.

Әкім  Жастар жылына орай  «Жетісу жастарының жарқын істері» атты жұмыс жоспары бекітілгенін айтып, аудан орталықтарында Жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылатынын айтты. Сондай-ақ, «Бес әлеуметтік бастама» аясында 2018-2019 оқу жылына жергілікті бюджеттен 106 грант бөлінгенін, жұмысшы жастарды баспанамен қамту  назарда болатыны, ол үшін «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субцидиялау жұмыстары қолға алынғаны да жастармен кездесуде жария болды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы