Қазақстан Сыртқы саяси ведомство жаңа басшысының алғашқы екіжақты сапары РФ Сыртқы істер министрінің шақыруымен өтті.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволар басшылары саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.
Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының дәстүрлі жоғары деңгейін белгіледі. Б. Атамқұлов Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында екі елдің қарым-қатынасын сипаттай отырып, оларды мемлекетаралық қарым-қатынастардың үлгісі екендігін атап өтті.
Сыртқы саясаттың экономикалық құрамдас бөлігін нығайту жөніндегі ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүктелген міндеттерді ескере отырып, сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне, көлік-транзит, отын-энергетика және әскери-техникалық саладағы жағдай мен болашаққа, сондай-ақ Байқоңыр кешені бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.