Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

Алматыда Wiki Camp акциясы өтті

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев зияткерлік мектептерінде 2012-2013 оқу жылынан бастап оқушылардың «Уикипедия» клубы жұмыс істеп келеді. Содан бері қазақша электронды энциклопедия қоры жас қаламгерлер жазған  20 мыңнан астАам мақаламен толығыпты.

Алматыда Wiki Camp акциясы өтті

Жақында осы арнаулы мектептер аясында Wiki Camp акциясы өткен еді. Бұл шараға  Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жүзге жуық оқушысы да қатысты. Дәстүрлі акция биылғы  Жастар жылына орай «Жастар – еліміздің мақтанышы» деген ұранмен ұйымдастырылды.

«Уикипедия» клубы Талдықор­ған­дағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінде де 2013 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде оқушылар қазақ, ағыл­шын, орыс тілдерінде мақала жазып, оны онлайн-энциклопедияға өз бетінше жолдап, толықтыруды меңгерген екен. Бүгінге дейін «Уикипедия» клубының мүшелері Жетісу өңірін­дегі тарихи-мәдени мұра туралы, ғылы­ми жаңалық­тар мен  еліміздің қазір­гі заманғы жетіс­тіктері туралы 3 мыңға жуық мақала жазып, сайт­қа орналас­тырыпты. 

Айтпақшы, осы мектептегі «Уи­ки­­пе­­дия» клубының алғашқы пре­зи­­­денті болған оқушы, бүгінде сту­­д­ент атанған Құдайберген Дәулет­ке­рей Гонконгта және Лондон­да өт­­­кен «Wikimania-2013», «Wiki­mania-2014» халықаралық конфе­рен­­ция­­­­­лары­на қатысып, қазақ бала­лары­ның жазба жұмысын әлем назарына таныстырды.

– «Уикипедия» клубы мектеп оқу­шыларын мақала жазуға және редак­циялауға дағдыландырады, дейді Талды­қорған­дағы Назарбаев зияткерлік мектебі жанындағы «Уикипедия» клубының үйлестіру­шісі Нәзира Сұлтанова.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы