Спорт • 29 Қаңтар, 2019

Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Ахатова 15-ші орында

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншы Людмила Ахатова үздік жиырмалыққа енді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Ахатова 15-ші орында

Жарысқа қатысушылар ішінен 85 спортшы ғана мәреге жетті. Ахатова ату алаңында бір рет мүлт кетіп, 15-ші орыннан көрінді.

Ол әлем чемпионатында ұпай жинау мүмкіндігін алып, жасөспірімдер арасындағы IBU кубогінде 51-ші орында тұр.  

Ұпай жинау мүмкіндігіне Евгения Красикова да енді.  Надежда Пивоврова мен Инга Мартенс көрсеткіші әзірге жақсы емес.