Фото: 24.kz
Қазақстан тарапы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар санкциялық комитеттеріне төрағалық етті. Екі жыл ішіндегі ынтымақтастық жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Халықаралық сарапшылар мұндай серіктестік туралы жоғары пікір білдіруде. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Комитеттерінің «ИГИЛ», «Аль-Каид» және «Талибан» қозғалысына қарсы санкциялар бойынша мониторинг тобының үйлестірушісі Эдмунд Фиттон-Браун Қазақстанның Таяу Шығыс және Ауған бағыттарындағы маңызды рөлін атап өтті.
«Бізде Қазақстанмен жақсы әріптестік орнады. Ең әуелі, ынтымақтастық контртерроризм желісі бойынша жүрді. Ал екіншіден, қарым-қатынас Ауғанстандағы жағдайды жақсартуға бағытталды. Қазақстанның осы салаларда үлкен тәжірибе жинақтағанын атап өткіміз келеді. Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтандыру мәселесінде маңызды рөл атқарады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының қазақстандық тараппен екі жыл біріге жұмыс жасауы табысты болды дегім келеді», - деді Эдмунд Фиттон-Браун.