Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

«IT-IMAQORDA» балалар ресурстық орталығы ашылды

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«IT IMAQORDA» технопарк ресурстық орталығы «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы аясында оқушылар сарайы ғимаратында ашылды.

«IT-IMAQORDA» балалар ресурстық орталығы ашылды

«IT IMAQORDA» ресурстық орталығы «ARTIMAQ» 3D-сурет салу секциясы, «ROBOIMAQ» спорттық робототехника секциясы, lego-конструкцияларды бастапқы техникалық модельдеу және құрастыру секциясы, «MEDIAIMAQ - PUBLIC KZO» телесудиясы, «SAZIMAQ» мүсін секциясы, 3D-LABIMAQ зертханасы, «IQIMAQ» өзін-өзі тану кабинеті, 3D-модельдеу және «SAULETIMAQ» құмды анимация секциясы сияқты 12 оқу бағытын қамтиды.

Орталыққа арнайы келген облыс әкімі Қ.Көшербаев оларға сенсорлық панель сыйға тартты.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»                  

Қызылорда облысы