Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионы атанды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтіп, Қызылорда облысының командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионы атанды

Құрамында Еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов, спорт шебері Бексұлтан Бостандықов бар командадағы спорт шеберіне үміткерлер Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Он үш команда қатысқан жарыста Шымкент қаласы екінші, Павлодар облысы үшінші орындарды иеленді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы