29 Қаңтар, 2019

Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде Жамбыл облысы көш бастады

880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды. Турнирге 2003-2004 жылы туған боксшылар қатысқан болатын деп хабарлайды Olympic.kz 

Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде Жамбыл облысы көш бастады

Шығыс төрінде өткен бокс додасында еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 180-ге жуық спортшы бақ сынады.

Біріншілік қорытындысы бойынша Жамбыл облысының боксшылары жалпыкомандалық есепте көш бастады (3 алтын, 3 күміс, 3 қола).

Екінші орында Алматы облысы (3 алтын, 5 қола), үшінші сатыда Түркістан облысы (2 алтын, 1 қола). 

Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар жаөспірімдер құрамасына қабылданып, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды. 

Бокстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері – Аркадий Топаев.