Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер волейболдан сайысты

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер волейболдан сайысты

Агенттіктің аумақтық департаменті, Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалынан құралған үш команда өз бейімділіктері мен ерік күштерін көрсете білді.

Командалар құрамында өнер көрсеткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Файзулла Бисмильдин және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айтмағанбет Жолшоринов, ойынның өте тартысты да қызықты өткендігін айтты.

Күнделікті спорттық дайындығы болмаса да, командалар намысты қолдан бермеуге тырысты. Ал ойыншыларды қолдауға көбіне әріптестері жиналды. Жанкүйерлердің волейболшыларға дем беруі, ойынның көркін қыздыра түсті.

- Осындай жолдастық кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Ең бастысы – мемлекеттік органдар арасында өзара сыйластық болуы қажет, себебі барлығы да елдің дамуы жолында аянбай тер төгуде және оларға барынша жағдай жасалуда. Қуантарлығы мемлекеттік қызметшілер уақыт тауып түрлі жарыстарға белсенді қатысуда, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы