Әрине, суыт хабар алысымен оқиға орнына арнайы қызмет мамандары жедел жетіп, сақтық шараларын жасады. Саперлар аталған ғимаратты түгел қарап, ештеңе таппады.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің Экстремизммен күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жалған хабар таратқан Орал қаласының тұрғынын анықтады. Ол 1985 жылы туған әйел адам болып шықты. Ол уақытша қамау орнына жабылды.
- Бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Бір қызығы, бұл әйел дәл осындай қылмысы үшін бұрын да жауапкершілікке тартылған екен. Заң бойынша оған 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, еңбекпен түзеу жұмыстарына тартылуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Батыс Қазақстан