Спорт • 29 Қаңтар, 2019

Ақтауда волейболдан біріншілік өтіп жатыр

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда алғаш рет «Ақтау волейбол клубы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ерлер командалары арасында волейболдан ашық біріншілік өтуде. Өткен жылдың қазан айынан басталған жарыс осы жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталады.  Жарыс екі жас категориясы - 40 жасқа дейін және 40 жас және одан жоғары ардагерлер командасы арасында өтеді. Бірінші айналымда 10 команда өнер көрсетті, ал екінші санат бойынша 5 команда өтінім берген. Бірінші айналым қорытындысы бойынша «ВК Ақтау» командасы шағын Кубок иегері атанды. Біріншіліктің жеңімпазы екі айналым қорытындысы бойынша анықталады.

Ақтауда волейболдан біріншілік өтіп жатыр

Осы жоба аясында келесі ойын Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Орбита» спорт кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ардагерлер командалары арасында өтеді. «ВК Ақтау» ҚБ турнир аясында Ауған соғысы ардагерлері волейболшылармен бірге еске алу шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 8-10 ақпан күндері Атырау қаласында Д. Қонаевты еске алуға арналған волейболдан жыл сайынғы халықаралық турнир өтпек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы