Спорт • 29 Қаңтар, 2019

Елімізде алғаш рет тректен әуесқойлар арасындағы жарыс өтеді

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Негізі бұл спорт түрі ерекше дайындықты қажет етеді және аса қауіптісаналады.

Елімізде алғаш рет тректен әуесқойлар арасындағы жарыс өтеді

Ал олимпиадалық даярлау орталығының мамандары оны қарапайым адамдардың қолданысына да ыңғайлап, арнайы жарыс өткізуді жоспарлап отыр. Осы арқылы велоспортты кеңінен насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек. Сонымен, әуесқойлар арасындағы аламан алдағы демалыста «Сарыарқа» велотрегінде болады. Аты айтып тұрғандай оған кәсіпқой спортшылар қатыса алмайды. Тіркеуден өткендер 2 күн бойы 6 жас деңгейі бойынша сынға түседі. Жарыстар жекелей және топтық үлгіде өтеді.