Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Бадырақовтың есепті баяндамасындағы мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданы - 68,2%, Мақтарал ауданы - 68,3 %, Сарыағаш ауданы - 86,9%, Келес ауданы - 87%, Төлеби ауданы - 88,1% бойынша көрсеткіштер төмен. Ал облыстағы жайылымдық жерлерді цифрландыру 35,8%-ға орындалған. Жайылымдық жерлерді цифрландыру жұмыстарын Түркістан қаласы - 4,9%, Сайрам ауданы - 6,8%, Мақтарал ауданы - 6,7%, Кентау қаласы - 9,4% ғана орындапты. Қалған аудандарда бұл көрсеткіш 25,0%-дан 59,6%-ға ғана жетіп, тапсырма толық орындалмай отыр.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Түркістан облысы