Әлем • 31 Қаңтар, 2019

Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақ мәдениет орталығына барды

217 реткөрсетілді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Мирзачуль ауданындағы өзбек-қазақ ұлттық мәдениет орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстанның Мирзачуль ауданында тұрып жатқан қандастарымыз үшін дәстүр мен салтты сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда Қазақ Ұлттық театры да бар. Театр ғимаратына жақында реконструкция жасалып, көріктене түскен. Мәдениет орталығында ұлттық музыка, би, ән, бейнелеу өнері үйірмелері бар.

Өзбек-қазақ ұлттық мәдениет орталығының ашылуы – екі ел арасындағы достықтың жалауы. Орталық көрші мемлекеттердің мәдени байланысын, жастарды ұлтаралық достықтың рухында тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Шавкат Мирзиёев Мәдениет орталығы пен театрдың ашылуы бауырлас мемлекеттер арасындағы достықтың нығаюына үлкен үлес қосады дейді.

Кеш барысында қазақ және өзбек халықтарының ұлттық музыкасы мен биі орындалды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар