Спорт • 31 Қаңтар, 2019

Астанада үстел теннисінен Қазақстан спартакиадасы басталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада үстел теннисінен Қазақстан Республикасының спартакиадасы аясындағы турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Астанада үстел теннисінен Қазақстан спартакиадасы басталды

Назарбаев Университетінің спорттық орталығында еліміздің 12 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген спортшылар бақ сынайды. 

Бірінші жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы командалық бәсекенің іріктеу сыны өтті. 

Ерлер арасында Алматы, Павлодар облысы, Астана және Қарағанды облыстары жарысты жалғастырады. Сондай-ақ, Шымкент және Ақтөбе облысы мен ШҚО, БҚО спортшылары да жүлдеден үмітті. 

Әйелдер арасындағы үздік сегіздік әзірге төмендегідей: Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Шымкент, ШҚО, Астана, БҚО.