Отандасымыздың жекпе-жектерін көрсетуге үш телеарна қызығушылық танытқан болатын. Оның бірі белігілі промоутер Эдди Хирннің DAZN арнасы болса, қалған екеуі ESPN арнасы және Эл Хэймонның Premier Boxing Champions жобасы еді. Көрсетілген мәлеметтерге сүйенсек PBC жобасының экс-чемпионға ұсынған талаптары қаржылай жағынан ұтымды болғанымен бұл келісім Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өту ықтималдығын азайтатын еді.
Ал мексикалық Сауль Альварес DAZN-мен жұмыс жасайды. Эдди Хирннің айтуынша Головкин жаңа телесеріктестің жоспарыларына сәйкес алғашқы жекпе-жегін көктемде өткізіп, екінші бокс кешін мексикалыққа қарсы өткізу керек болады.
DAZN-мен екі жекпе-жек үшін жасалған келісім-шартқа сәйкес Геннадий Головкин кем дегенде 10 миллион доллар табыс табады.