Тарқатып айтсақ, шаһарға қосылған кейбір елді мекендердегі толық шешімін таппаған жол, жарық, көгілдір отын мәселелеріне осы жылы қала қазынасынан қосымша қаржы бөлінетін болады.
«Әкім орынбасарлары мен құрылымдық басқарма басшыларына арнайы тапсырма бердім. Ендігі кезекте қалада концерт, фестиваль ұйымдастыруды азайтып, оған кетер шығынды өзекті әлеуметтік меселелерді шешуге жұмсаймыз. Осы бастама оң жемісін берсе, 2-3 жыл ішінде халық қаладағы жақсы өзгерістерді сезінетін болады» деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан ілгері қаладағы ірі шоу-бағдарламаларға гонорары жоғары шетелдік эстрада жұлдыздары шақыртылған еді. Олардың қатарында "Бандэрос" пен отандық "Формат" тобы өнер көрсеткен.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Шымкент