Сыртқы істер, ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Бас Прокуратураның өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал еуропалық делегацияны Басқарушы директордың орынбасары, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ жөніндегі директоры Люк Девинь басқарды.
Отырыстың барысында тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматында іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін қарастырды.