Ал биыл Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ахмет Ясауи» телехикаясын, «Әл-Фараби» көркем фильмін және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланған. Бұл деректерді басқарма басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа өткен жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беру кезінде мәлім етті. «Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты 12 облыстық мәдениет және өнер мекемесі Шымкент қаласына берілді. Ал, облыстағы мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 117 млн. 741 мың теңге қаржы қаралды. Оған автокөлік, сахналық киімдер басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды», – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ өткен жылы аймақта отандық және әлемдік мәдениет туындыларына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 29 967 іс-шара ұйымдастырылған. Бүгінде Түркістан облысында 678 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Облыс әкімі басқарма басшысына Қ.А.Ясауи кесенесіндегі тұлғалардың тізімі, өмірбаяны мен тарихи деректері және Түркістан қаласы туралы ақпарат жинақтап, кітап шығаруды тапсырды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Түркістан облысы