01 Ақпан, 2019

Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтар азайды

927 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Қарулы Күштерінің өткен жылғы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров әскердегі құқық бұзушылықтардың 9 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтар азайды

Генерал-лейтенант Т.Мұх­таров бұл көрсеткішті Қарулы Күш­терде тәрбие және идеоло­гиялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетіндігімен, тәр­бие­лік іс-шаралардың, әскери және құқықтық тәртіп­тің нығай­тылуымен және қол­бас­шылардың бұйрықтарының мүлтіксіз орындалуымен байланыстырды. 

– Қарулы Күштер өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Алдымызда тұрған не­гіз­гі міндеттер толық орындал­ды. Өткізілген іс-шаралар еліміз­дің қорғаныс қабілетін нығай­тып, әскери қызметтің беде­лін арттырды. Қарулы Күштер­дің жауынгерлік әзірлігі мен қабі­летінің қажет етілетін деңгейін қамтамасыз етті, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Т.Мұхтаров одан әрі былтыр жауынгерлік даярлықты пы­сық­тауға арналған 116 іс-шара, сон­дай-ақ 664-тен аса тактикалық оқу-жаттығу өткізілгендігін мәлімдеді. 

Жалпы, Қорғаныс министрлігі негізгі күш-қуатын Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмаларын іске асыруда жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейде ұстау жөніндегі жоспарлы міндеттерді шешуге, әскерлерді қайта жарақ­тан­дыруға, кадр даярлау сапасын арттыруға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға, Қарулы Күштердің қызметіндегі процестерді автоматтандыру мен цифрландыруға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына басымдық берген. 

Мәселен, былтыр қызмет­ші­лердің баспана жағдайын жақ­сарту мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделі қолданысқа енгізілген.

– 2018 жылдың қаңтар айы­нан бастап ай сайын әскери қыз­метшілердің жеке арнайы шоттарына екінші деңгейлі банктерде әскери қызметтегі еңбек өтіліне қарамастан, тұрғын үй төлемдері аударыла бастады. Осының нәтижесінде 2 мыңдай қызметші баспаналы болды, 40 мыңнан аса жоғары әскери қызметші тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілді, – деді Т.Мұхтаров.

Қорғаныс министрлігі Ел­ба­сының «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасының аясын­да өс­ке­лең ұрпаққа рухани-адамгершілік және әс­кери-патриоттық тәрбие беруде де белсенділік танытқан. 

– Оқушылардың патриоттық сана-сезімін, белсенді азаматтық ұстанымын және Отанға адал қыз­мет етуге әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс министр­лігінің Ұлттық әскери-патриот­тық орталығы жанынан бар­лық өңірлердегі филиалдар­ды қамти отырып «Жас сарбаз» рес­публикалық әскери-патриот­тық қозғалысы құрылды. Сон­дай-ақ 2020 жылға дейін әскери-пат­риоттық жұмысты жетілді­рудің «Ұлтжанды сарбаз» тұжы­рым­дамасының жобасы әзірленді, – деп атап көрсетті Қорғаныс министрінің орынбасары. 

Сонымен қатар баспасөз мәс­лихатында жоғары әскери бі­лікті кадрларды дайындау білім берудің барлық деңгейлерінде сержанттардан бастап генералдарға дейінгі оқып-үйренушілердің даярлығының сабақтастығын қамтамасыз ететін 9 әскери оқу орнын қамтитын білім берудің бірыңғай көп деңгейлі жүйесінде өткізілетіндігі мәлім болды. 

Генерал-лейтенант Т.Мұх­таров еліміздің 120 адамдық бі­тімгершілік ротасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштерінің қатарында табысты қызмет етіп жатқандығына да тоқталды.

Серік ӘБДІБЕК,

«Egemen Qazaqstan»