Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, аймақта тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, өңірдің Алматы қаласы маңындағы аудандарында бұл сұраныс екі есеге дейін өскен. Жалпы, «7-20-25» бағдарламасы аясында Талғар, Іле, Қарасай, Панфилов аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларын қоса алғанда жаңадан 26 тұрғын аудан бой көтереді деп жобаланып отыр.
Ал бүгінде осы бағдарламаға қатысуға ынта білдірген азаматтардан жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 197 өтініш қабылданып, оның 113 өтінімі екінші деңгейлі банктер тарапынан мақұлданды.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы