«Тұрғын үйлерді өткізу қайта жалғастырылған күннен бастап сатудың жаңа механизмі қолданылатын болады, ол тұрғын үйді халыққа жылдық 3%-бен 12 жылға бөліп төлеу арқылы өткізуді көздейді. Жаңа механизм бойынша тұрғын үйді сатып алу үшін сатып алушы төлем қабілеттілігін растауы және тұрғын үй құнының 20%-нан кем болмайтын мөлшерде бастапқы жарна салуы керек», - деп мәлімдеді «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.
Айта кетсек, тұрғын үйлерді өткізудің тиімді жаңа механизмінің енгізілуіне байланысты 2018 жылғы 16 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінім қабылдаудың уақытша тоқтатылғаны туралы хабарланған еді.
Төлемді бөліп төлеу механизмі бойынша тек 1 пәтер және 2-ден аспайтын көлік тұрағының орындарын сатып алуға болады. Сатып алу-сату шарты бойынша төлемді бөліп төлеу мерзімі өтініш берушінің 70 жасқа толуымен шектеледі», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, өтініш беру бұрынғыша Digital Baiterek порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берушінің жаңа механизмді таңдауы үшін «төлем тәсілі» бағанында «бөліп төлеу арқылы өткізуді» көрсетуі және қаржылай мүмкіндігіне қарай бастапқы жарнасының мөлшерін өзі белгілеуі қажет. Өтініш берушінің төлем қабілеттілігін есептеу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетсек, сатуға ұсынылатын тұрғын үйлерден 193 пәтер «7-20-25» бағдарламасының шарттарына сай келеді.