Апта бойы теміржол желілерінде шамамен 10 мың монтер тәулік бойы жұмыс істеді. 328 арнайы техника шығуы орын алды.
Теміржолшылар айтарлықтай қары мол жауған Ақтөбе және Көкшетау өңірінің жолдарын тазалауға ерекше ден қойды. 8 мың шақырымдық жолдан 50 мың текшеметр қар тазартылды.
Қазіргі таңда пойыздар қозғалысы сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол инфрақұрылымдарын қардың көміп қалуынан тазарту бойынша жұмыстар үздіксіз жалғасуда.