Соңғы екі жылда дәріханалардан қажетті дәрі-дәрмектер, цитопротекторлар мен қысымды қалыпқа келтіру препараттарын табу мүмкін емес.
Роза Матерано есімді тұрғын бүйрек ауруынан қатты зардап шегеді. Бірақ ол өзгелерге қарағанда жолының болғанын айтады, себебі оның ауруханадағы таныстарының көпшілігі дүниеден өткен:
«Мен не істейтінімізді білмеймін. Өйткені біздің өмір сүргіміз келеді. Бірақ қазіргі жағдайда тірі қалуымыз екіталай» - дейді ол.
Дәрігерлер де жалақыны көтеріп, аурухананың жабдықтарын жақсартуды талап етіп отыр. Тамақтану үшін бір емделушіге күніне бір тандыр нан ғана беріледі. Дәрігерлер елдегі жалпы дағдарыс жағдайында науқастар арасындағы өлім-жітімнің артқанын айтады. Әсіресе балалар арасындағы өлім-жітімнің өсуі ерекше алаңдаушылық тудырады.
«Қазір қажетті азық-түлік, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектің 90%- ы тапшы. Көптеген лабораториялық талдаулар енді жүргізілмейді. Қазір оларды еліміздегі клиникалардың 10%-ы ғана жасайды. Біз өзімізді қол-аяғы байлаулы адамдай дәрменсіз сезінеміз», - деді Хосе Мария Варгас атындағы аурухана дәрігері Калос Проспери.