Үкімет • 04 Ақпан, 2019

Б.Сағынтаев: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кінәсі расталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Б.Сағынтаев «АрсеелорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамындағы апатқа қатысты Мәжіліс депутаттары А.Рау, В.Божко, М.Айсина, А,Базарбаев, А.Қожахметовтың сауалына жауап берді.

Б.Сағынтаев: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кінәсі расталды

2018 жылдың 10 қарашасында аталмыш оттегі цехында 720 мм жоғары дәрежелі оттегі құбырының құлауынан 219 мм-лік газ құбырының жарылып, нәтижесінде пропан-бутан газы өртенген еді.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, апаттың орын алу себебін анықтау үшін Қарағанды еңбек инспекциясының тапсыруымен өндіріс қауіпсіздігі төрағасының өкілі бастаған комиссия құрылған.

Істі тергеу барысында комиссия апат келесі жағдайлар себебінен болғанын анықтаған:

а) Азот пен оттегінің құбырдағы жоғарғы қысымы мен шығынның үлкен ауытқуынан пайда болған динамикалық жүктемелерден;

б) «Линде Газ Қазақстан» ЖШС-ның ауа бөлу блогынан өнімді уақытылы бөлмеу;

«Апатты зерттеу нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кінәсі расталды.

Комиссия апаттың себебін алдын алу үшін 15 шараны қолға алған. Өндіріс қауіпсіздігіне жауапты құзырлы органдар бұл шаралардың орындалуын өз бақылауына алады» дейді Премьер-Министр.

Бұдан бөлек, металлургия комбинатын модернизациялау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қарағанды облысының әкімшілігі 2018-2020 жылға арналған Жол картасын әзірледі. Жол картасы негізінде аталмыш кәсіпорынға 305 млрд теңге инвестиция тартылмақ.

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысы мен металлургия комбинатының модернизациясы Үкімет бақылауында екенін айтып өткен.