Аймақтар • 04 Ақпан, 2019

Оралда «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты жастар алаңы өтті

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орал қаласындағы «Достық Үйі» ғимаратында «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты шара өтті.

Оралда «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты жастар алаңы өтті

Бұл - Батыс Қазақстан облысында жастар жылының ашылуына орай ұйымдастырылған  жастар алаңы. Шара барысында «Жетістікке бастайтын 7 қадам» облыс жастарының бағдарламалық құжаты қабылданды. Жастар алаңы отырысына Батыс Қазақстан облыс әкімі А.С.Көлгінов қатысып, сөз сөйледі. Облыс басшысы Жастар жылы Ақ Жайық өңірінде атқарылатын жұмыс жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Бұл шараға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов, «Болашақ» халықаралық стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Шаруа Демесінова, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов, жергілікті жастар жетекшілері арнайы қатысты. Сондай-ақ шараға облыстың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар, кәсіпкерлер, жас дәрігерлер мен өндіріс қызметкерлері, БАҚ және жастар ұйымдарының өкілдері белсене араласып, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында «Жастарға арналған 101 идея» краудсорсинг платформасында ұсынылған «Жақсылық жаса» атты жастар марафоны бастау алды. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

"Egemen Qazaqstan"

Батыс Қазақстан