Аймақтар • 04 Ақпан, 2019

Алматы облысында экспорттық ет өнімінің көлемі көбейді

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы ет өндірісінің көлемі 3,7 процентке өсіп, экспортқа 1000 тонна ет жөнелтілген. Бұл бағыттағы жұмыстарды дамыту үшін қазір аймақта 5 ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр.

Алматы облысында экспорттық ет өнімінің көлемі көбейді

Жаңадан ашылатын ет комбинаттарының өнім дайындау қуаттылығы тәулігіне 91 000 тонна болады деп күтілуде. Яғни, жақын күндері іске қосылатын «Империя Фуд» кәсіпорыны 8 000 тонна, «Лунюань-Жетісу» мен «Қайыңды» ет зауыттары 16 000 тонна, «Inalca» кәсіпорыны 21 000 тонна және «Бауман» ет және ет өнімдері зауыты 30 000 тонна етті тәулігіне өндіріп, ішкі-сыртқы нарыққа шығармақшы.

- Елбасы еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы саласындағы өңделген өнім экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Алматы облысындағы экспорт үлесі сояның, күнбағыстың, уыттың, крахмал өнімдерінің, балық пен балық өнімдері экспортының өсуі есебінен 37 процентке өсті. Табыс 57 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Ал ет экспортына сұраныс жыл сайы нартып келеді. Былтыр сиыр етін дайындау 7 процентке өсіп, экспорт көлемі 1000 тоннаға жетті, - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы