02 Наурыз, 2010

“ТІЛІМДІ БІЛСЕҢ – ЖАНЫМДЫ ТҮСІНЕСІҢ”

2471 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 2-қосымша “Абай оқулары” республикалық байқауының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулы­сымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында 2010 жылғы қыркүйек айында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында республикалық “Абай оқулары” байқауын өткізеді. Байқаудың міндеттері: 1. Қазақ тілінің көркемдік келісімін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау; 2. Абай шығармалары негізінде қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру; 3. Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру; 4. Абай шығармаларын тіл үйренудің тиімді әдісі ретінде таныту. Байқау шарттары: “Абай оқулары” байқауына Қазақстанда тұратын өзге ұлттар өкілдері шақырылады. Әр облыстан және Алматы, Астана қалаларынан көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген 18-30 жас аралығындағы 1 үміткерден қатыса алады. Байқау үш тапсырмадан тұрады: 1. Көркем сөз оқу шеберлігін айқындау: - Абай шығармаларын (поэзия, қара сөздері) қазақ тілінде жатқа оқу; - “Абай жолы” романынан қазақ тілінде жатқа үзінді оқу. 2. Әншілік қабілетін таныту – Абай әндерін немесе қазақ халық әндерін орындау (1 ән). Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары (аймақтық байқаудың жеңімпаздары туралы ақпараттар үстіміздегі жылғы тамыздың 30-на дейін Тіл комитетіне жолдануы тиіс); Екінші кезең – республикалық байқау, Қазақстан халықтары тілдері фестивалінің аясында қыркүйек айында өтеді. Республикалық байқаудың сарапшылары байқауға қатысушыларды алдын-ала тыңдап, сахнадан оқылатын өлеңдерін іріктейді. Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: көркем мәтінді оқу шеберлігіне; қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне; ән орындау қабілетіне; сахналық мәдениетіне назар аударылады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Есілдің сол жаға­лауы, “Министрліктер үйі” ғимараты, 15-кіреберіс. Қазақ­стан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, “Абай оқулары” республикалық байқауы. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01 (тел/факс 74-05-06); E-maіl: ahaeva@mkі.kz Ескерту: бұрынғы байқаулардың жүлдегерлері биыл өткізілетін республикалық байқауларға жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 3-қосымша Қазақ поэзиясы аудармашылары республикалық байқауының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулы­сымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау, қазақтың әдеби тілі мен тіл мәдениетін, қазақ поэзиясын насихаттау мақсатында 2010 жылғы қыркүйек айында қазақ ақындары шығармаларының орыс және ағылшын тілдеріне дұрыс аударылуына қолдау көрсету мақсатында аудармашы ақындардың республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1. Қазақ поэзиясын басқа тілдерге аудару үрдісіне қолдау көрсету; 2. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясын орыс тілді аудиторияға жеткізу; 3. Аудармашы ақындардың біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету; 4. Аудармашы ақын-жазушыларды моральдік және материалдық тұрғыдан көтермелеу. Байқау шарттары: Аудармашы ақындардың республикалық байқауына қазақ поэзиясын орыс және ағылшын тіліне аударып, насихаттап жүрген аудармашы ақындар қатыса алады. Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды. Республикалық байқауға қатысу үшін үміткер бұрын жарияланбаған орыс немесе ағылшын тіліндегі 100-150 жол аудармасын (қазақ тіліндегі түп нұсқасымен бірге) және өзі туралы мәліметтерді (қысқаша өмірбаяны, әдебиет саласындағы еңбектері көрсетілген анықтамалық парақша) 2010 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ұйымдастыру комитетіне жолдауға тиіс. Жолданған шығармалар қазылар алқасының саралауы мен іріктеуінен өтеді. Үздік деп танылған үміткерлер республикалық байқаудың келесі кезеңіне арнайы шақырылады. Байқаудың бұл шешуші кезеңінде: 1. Үміткер алдымен аударылған шығарманы танысты­рып, оны түпнұсқа тілінде қазақша оқиды (немесе басқа адамға не конкурсты жүргізушілерге оқытуға болады); 2. Одан кейін аудармашы өз тәржімесін оқиды. Әр үміткерге 10 минөт уақыт беріледі. Осы уақытта берілген шарттар толығымен қамтылып, тапсырма орындалуы керек. Мұнда қатысушының аудармасындағы аудару шеберліктері, тапқырлығы, ойды жеткізуі, өлеңдерді таңдай білуі, тәржімәлік шеберлігі жан-жақты көрініс табуы тиіс. Өлең оқу кезінде музыкалық сүйемелдеуді, электрондық бейнекөріністерді қолдануына болады. Алдын-ала іріктеуден өткен байқауға қатысушы үміткерлердің шығармашылық өнерін 5 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Олар әрбір қатысушыға 1-ден 10-ға дейінгі балдық баға беру әдісін пайдаланады. Жеңімпаз жинаған балл саны бойынша айқындалады. Жүлделі орындар былай белгіленеді: І Бас жүлде; ІІ орын; ІІІ орын; ІV орын; V Ынталандыру сыйлықтары. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. Қазақ поэзиясы аудармашылары республикалық байқауына. Байланыс телефондары: 8 (3172) 74-05-02; факс: 74-05-06, 74-05-08. E-maіl: eljanaltaі@maіl.ru; іnfokazakhtіlі@maіl.ru; tіlkomіtetі@gmaіl.com. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 4-қосымша Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХІІ республикалық байқауын өткізудің ережесі 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХІІ республи­калық байқауын өткізеді. 2. Байқау 2 кезеңнен тұрады: Облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары шілде-тамыз айларында әр облыс орталығында және Астана, Алматы қалаларында; Республикалық байқау Қазақстан Республикасы халқының тіл фестивалі аясында (қыркүйек-қазан айлары) Астана қаласында өтеді. 3. Байқауға 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. 4. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері байқауға жіберілмейді. 5. Байқауға қатысушылар 3 тапсырма орындауы тиіс: - прозалық шығармадан үзінді оқу; - драмалық шығармадан үзінді оқу; - мәнерлеп өлең оқу. 6. Байқау шарттары: оқылатын мәтін көлемі 5-6 минөттен аспауы керек; дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады; белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығарма­ларынан үзінді оқуға болмайды; талапкер сарапқа ұсынуға таңдап алынған мәтіндерді жатқа білулері қажет. 7. Республикалық байқауға облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өткен байқаулардың жеңімпаздары (бір-бірден) қатыстырылады. Оларға жергілікті тіл басқармалары жолдама береді. 8. Республикалық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың: көркем мәтінді оқу шеберлігіне; дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; мәтінді таңдау талғамына; сахнада өзін-өзі ұстауына; киім сәніне баса назар аударады. 9. Байқау жеңімпаздары Бас жүлдемен және диплом­дармен, бағалы заттай сыйлықтармен марапатталады. Анықтама үшін мекен-жайымыз: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Министрліктер үйі, “А” блогы, 2-қабат 4-бөлік. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті, байланыс телефондары: (7172) 74-05-10, 74-05-06 (факс). E-maіl: іnfokazakhtіlі@maіl.ru, Abdualіeva@mkі.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 5-қосымша “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” республикалық байқауының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында 2010 жылғы қыркүйек айында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қызмет істейтін мамандар арасындағы “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” республикалық байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1. Мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда “Қазақстан Республика­сындағы тіл туралы” Заңды, Тілдерді қолдану мен дамы­тудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; 2 Мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; 3. Мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру; 4. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру; 5. Мемлекеттік тілде үздік іс жүргізуші мекеме, ұйымдарды, қызметкерлерді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу. Байқаудың шарты: “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” республи­ка­лық конкурсына мемлекеттік орталық басқарушы органдардың, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының жергілікті органдарының қызметкерлерінен құрылған топтар (командалар) қатысады. Бірнеше ұйым немесе мекемелер атынан құрама топ (команда) жасақтауға болады. Әр команда 5 адамнан тұруға тиіс. Байқауға орталық басқару органдары бойынша және облыстық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпазы атанып, облыстық және қалалық Тіл басқармаларының жолдамаларымен жіберілген топтар қатысады. Республикалық байқауға салалық орталық басқару органдарынан және облыстардан қатысатын жеңімпаз-үміткерлер 2010 жылдың қыркүйек айына дейін құжат­тарын (қысқаша өмірбаяндық түйіндеме түріндегі мәліметтер, мемлекеттік қызметтегі еңбектері көрсетілген анықтамалық парақша) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне жолдауға тиіс. Байқауға қатысушы топтар мынадай мазмұндағы талаптарды ескеріп, сахналық көрініс ретінде өткізуі тиіс (сын, юмор қоса отырып): 1. Қатысушы команданы таныстыру: атауы, ұраны, мақсаты мен міндеті, 2 мин.; 2. “Іс жүргізудегі сөз қолдану және пікірсайыс” (мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуге қатысты құжаттардың (қаулы, шешім, өкім, бұйрық және т.б.) жүргізілуі туралы, жұмыс барысындағы талдау, сараптау, есеп беру, баяндама жасау, ресми сөз сөйлеу, оған пікірлер мен ұсыныстар айту) 5 мин.; 3. “Қазақ тілі жаңа технологиялар әлемінде” (үй тап­сырмасы, мемлекеттік тілді қолдану мақсатындағы компьютерлік бағдарламаларына қатысты біліктілігін, бей­не­­­роликтер мен клиптер көрсету және т.б. өнертапқыштық жобаларын таныстыру) 4 мин.; 4. “Терминдер әлемі” (конкурста берілетін ауызша тапсырма, қатысушы топқа орыс тіліндегі терминдер тізімі жазылған парақша ұсынылады. Топ мүшелері көрсетілген терминдердің қазақша баламаларын тауып айтып беруі тиіс) 2 мин; 5. “Қазақ сөзі” (тіл туралы даналық сөздерден, әйгілі ғалымдар мен саяси қайраткерлердің сөздерін насихаттау, немесе мемлекеттік тілге қатысты қызмет бабындағы ұсыныс, ой-пікірін ортаға салу, ресми құжаттардан дәйексөз алып (заңнамалар мен Елбасы сөздерін, жарлық, бағдарлама және т.б. қолдануға болады) қорытындылай білу) 2 мин. Әр қатысушы командаға 15 минөт уақыт беріледі. Мұнда қатысушы топтың белсенділігі, ойнау, көрсету шеберліктері, тапқырлығы, ойды жеткізуі, тіл байлығы мен мәдениеті көрініс табуы тиіс. Ойындарын көрсету барысында музыкалық сүймелдеуді, электрондық бейне­көріністерді қолдануға болады. Байқауды өткізу тәртібі: Байқауға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігін 7 адамнан тұратын қазылар алқасы сараптап, бағалайды. Әр тапсырма 1-ден 10-ға дейінгі балдық бағалау көрсеткішін береді. Әр қатысушы командаға берілген балдық жүйе бойынша баға беру әдісімен, оның қорытындысы бойынша анықталады. Байқауды 1 күнде өткізу жоспарланады. Қатысушы­лардың барлығы тиісті шарттарды орындап болғаннан кейін қазылар алқасының дауыс беруі бойынша жеңім­паздар анықталады. Жүлделі орындар былай белгіленеді: Бас жүлде; 1-ші орын; 2-ші орын (2 жүлде); 3-ші орын (3 жүлде); Ынталандыру сыйлықтары. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” республикалық байқауы. Байланыс телефондары: 8 (3172) 74-05-02; факс: 74-05-06, 74-05-08. E-maіl: eljanaltaі@maіl.ru; іnfokazakhtіlі@maіl.ru; tіlkomіtetі@gmaіl.com. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 6-қосымша “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” республикалық конкурсының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы” №1246 қаулысының 26-тармақшасына сәйкес мем­ле­кеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралда­рын­да кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты республикалық конкурс өткізеді. Бұл конкурсқа еліміздің қоғамдық өмірінде мемле­кеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, жарияланымдар мен хабарлардың сапасын жақсарту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілер мен шығармашылық топтар және бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады. Конкурс бес номинациядан тұрады: Ұжымдық шығармашылық топтар бойынша: -              “Үздік басылым”; -              “Үздік телеарна”; -              “Үздік радио”; -              “Үздік сайт (портал)”; Жекелеген авторлар шығармашылығы бойынша: - “Үздік автор” Конкурс 2010 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым ара­лы­ғында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан арнайы сайттарды қамтиды. Конкурс материалдары жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиокассеталар түрінде) тиісті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ұсынысы бойынша 1 маусымға дейін қабылданады. Қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған туындылар анықталғаннан кейін жүлдегерлер есімі 2010 жылғы 25 маусымда Астана қаласында әйгіленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2010 жылдың 10 маусымына дейін мына мекен-жайға және электрондық поштаға жолдануы тиіс: Астана қаласы, ҚР Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің Тіл комитеті, Министрліктер үйі, А-блогы, 2-қабат Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-10, 74-05-06 (тел/факс); E-maіl: іnfokazakhtіlі@maіl.ru Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 7-қосымша “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” республикалық байқауының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылардың әдістемелік сауаттылығын арттыру, қазақ тілін оқытудың алгоритмдік әдістерін қалыптастыру, ұлттық педагогика принциптерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында республикалық “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1. мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау; 2. қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, беделін арттыру; 3. кәсіптік педагогикалық шығармашылықты ынталандыру; 4. оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық әдістемесін насихаттау, тарату; 5. педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану үлгілерін анықтау және тарату; 6. оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау; 7. мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Байқау шарттары: “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауына республика аумағында мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар қатысады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қазақ тілін оқытудың салалық авторлық бағдарла­масын жасау; оқытушының әдістемелік қорымен таныстыру және оның тиімді қолданылуын дәлелдеу; оқытушының салалық терминологияны білуі және меңгертуі; тіл үйретуде ОТҚ-ның (оқытудың техникалық құралда­рының) қолданылуын көрсету; қазақ тілі сабағы арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің сабақтастық әдістемесін көрсету; тіл үйрету барысында жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдарымен таныстыру. Байқау үш кезеңде өтеді: Бірінші кезең – облыстық (қалалық) деңгейде өтеді. Облыстық, қалалық тіл басқармалары жанынан білікті мамандардан қазылар алқасы құрылады. Байқауға қатысуға үміткер оқытушылардың құжаттары жиналады, сарапталады. Екінші кезең – облыстық (қалалық) тілдерді дамыту басқармалары бекіткен комиссия мүшелері, өздері бекіткен кестеге сәйкес іріктеуден өткен қатысушылардың жұмыс істейтін орындарына барып, сабағына қатысып, жұмысын сараптап, жүлдегерлерді анықтайды. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегер аталған оқытушының құжаттары Тіл комитетіне ү.ж. қазан айына дейін жолданады. Үшінші кезең – Тіл комитетіне жолданған оқытушы­лар Астана қаласы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өз сабақ үлгілерін көрсетеді. Комиссия қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқытушылар марапатталады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, “Министрліктер үйі” ғимараты, 15-кіреберіс. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” республикалық байқауы. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-56 (тел/факс 74-05-06); E-maіl: aіnagul_83@maіl.ru Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы №1 бұйрығына 8-қосымша “Тілдарын-2010” республикалық олимпиадасының ережесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысы­мен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 16-тармағын орындау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында “Тілда­рын-2010” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 1. Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. 2. Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Олимпиаданың міндеттері: 1. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру. 2. Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру. 3. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Олимпиаданың шарты: Олимпиадаға 18 бен 30 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Олимпиада екі кезеңде өтеді: Бірінші кезең – облыстық; Екінші кезең – республикалық. Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі: 1. Берілген тақырыпқа сай “тұсаукесер” (презентация) өткізу. 2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу. 3. Берілген тақырып бойынша баспасөз мәслихатын өткізу. 4. Мәтінге ілеспе аударма жасау. Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуге тиіс: Бірінші кезең – қазақ тілін білу; Екінші кезең – ағылшын тілін білу; Үшінші кезең – орыс тілін білу. Олимпиаданың міндетті шарты – алдыңғы деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады. Олимпиаданың қорытындысы үш деңгейден өткен қатысушылар арасында жүргізіледі. Бас жүлде иегері республикалық кезеңге жолдама алады. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Тілдерді дамыту басқармалары Олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу үшін құрамында (келісім бойынша) жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың білікті қызметкерлері, БАҚ өкілдері бар комиссия құрады. Республикалық комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті бекітеді. Олимпиаданың қорытындысын шығару Қорытынды шығару кезінде: 1. Тілдерді меңгеру деңгейі. 2. Жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы. 3. Жауаптың оралымдылығы мен сапасы. 4. Жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ескеріледі . Ақпараттық қолдау Олимпиаданың жүргізілу барысы телеарналар, радио, Интернет, мерзімді басылымдар арқылы кеңінен жариялану керек. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, “Министрліктер үйі” ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-08, 74-05-06 (тел/факс). Ескерту: бұрынғы байқаулардың жүлдегерлері биыл өткізілетін республикалық байқауларға жіберілмейтін болады. Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің “Тіл – халық жанын танудың кілті” республикалық байқауының ережесі “Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы” меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымы қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің “Тіл – халық жанын та­нудың кілті” атты республикалық байқауын жариялайды. Байқауға 14-22 жас аралығындағы жастар қатыса алады. “Тіл – халық жанын танудың кілті” атты республи­ка­лық байқауы үстіміздегі жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында екі кезең бойынша өткізіледі. І кезең – аймақтық, ол 2010 жылғы 06 қыр­күйек­тен – 06 желтоқсан аралығында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша өткізіледі. ІІ кезең – республикалық, ол 2010 жылғы 14 желтоқсанда Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымының ұйымдастыруымен Астана қаласында, Ресей ғылым және мәдениет орталығында өтеді. Байқаудың бірінші кезеңінің ұйымдастырушысы жергілікті басқару органдары мен Қазақстанның орыс қауымы филиалы, ал ақтық мәренің ұйымдастырушысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстанның орыс қауымы болып табылады. Байқаудың бірінші кезеңінің шарттары. Бірінші номинация – қатысушылар сауалнама толтырып, лексико-грамматикалық тест тапсырмаларын орындайды. Орындау уақыты – 1 сағат. Екінші номинация – жазбаша және ауызша тапсырмалардан тұрады (билеттік жүйе). а) ауызша тапсырма: үміткерлер жұп-жұбымен берілген тақырып бойынша диалог құрады; б) жеке жазбаша тапсырманы орындау. Үшінші номинация (билеттік жүйе) – қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау және прозалық немесе поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу (3-5 минөттен кем болмауы тиіс). Байқаудың екінші кезеңінің шарттары. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: - “Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тіл” атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекі және басқа нұсқаларды пайдалануға болады, 3-5 мин.); - “Тіл – мәдениет мұраларына жол” әдеби-мәдениеттанушылық тест. Тапсырманы орындауға 30 минөт беріледі - қазақ әдебиеті классиктерінің және қазіргі заманғы жазушылардың туындыларынан үзінділерді мазмұндау, мәтінді лингвистикалық-стилистикалық талдау (билеттік жүйе); - шығармашылық тапсырма “Шабыт жұлдызы”: халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би, көркем сөз оқу т.б. арқылы қазақтың ұлттық мәдениетін көрсету (үй тапсырмасы). Берілетін уақыт 5-7 минөт. Республикалық байқаудың жеңімпаздары ақшалай және лауреат дипломдарымен марапатталады. Байқауға қазақ мектептерінде және жоғары оқу орнында “қазақ филологиясы” мамандығында білім алушылар, сонымен қатар алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды. Байланыс телефондары: Астана қ. 8 (717/2) 74-05-01 Ұйымдастыру комитеті “Тіл – барлық білімнің кілті” атты орыс тілі білгірлерінің байқауы туралы ереже Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымы жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерінің республикалық байқауын жариялайды. Байқауға қатысуға 14-22 жас аралығындағы жастар шақырылады. Орыс тілі білгірлерінің республикалық байқауы 2010 жылғы ақпан-мамыр айларында екі кезең бойынша өткізіледі. І кезең – аймақтық, ол 2010 жылғы 10 ақпан-4 мамыр аралығында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша өткізіледі. ІІ кезең – республикалық, ол 2010 жылғы ма­мырда Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымының ұйымдастыруымен Астана қаласында, Ресей ғылым және мәдениет орталығында өтеді. Аймақтық байқау комиссиялары республикалық байқауға қатысушы үміткерді анықтап, оны республикалық байқауға қатыстыру туралы өтініш-хатпен бірге, жинаған ұпайларының қорытындылары туралы хаттаманы және лексикалық-грамматикалық тестінің нәтижесін жолдайды. Байқаудың бірінші кезеңінің шарттары: бірінші номинация: лексикалық-грамматикалық тест. Тест тапсырмасын орындау уақыты – 1 сағат. екінші номинация: жазбаша және ауызша бөлімдер­ден тұрады: а) жазбаша бөлім: жеке жазбаша тапсырманы орындау: (ұсынылған тақырыпқа шығарма жазу); ә) ауызша бөлім: қатысушылар ұсынылған тақырыпқа жұп бойынша диалог құрайды: (билеттік жүйе); үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы). Байқаудың екінші кезеңінің шарттары: - “Тілдер туыстығы–мәдени туыстық” атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекі және басқа нұсқалары, 3-5 мин.); - “Тіл – ғасырлар мәдениетінің қайнар көзі” әдеби-мәдениеттанушылық тест. Тапсырманы орындау уақыты – 30 минөт; - Орыс және орыс тілді қазақстандық әдебиет классиктерінің және қазіргі заманғы жазушыларының туындыларынан үзінділерді мазмұндау, мәтінді лингвистикалық-стилистикалық талдау (билеттік жүйе); - шығармашылық тапсырма “Шабыт жұлдызы”: халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би, көркем сөз оқу және т.б. орындау (үй тапсырмасы). Тапсырманы орындау уақыты – 5-7 мин. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және лауреат дипломдарымен марапатталады. Байқауға орыс тілінде оқытатын оқу орындарында және “орыс филологиясы” мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ орыс тіліне арналған алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды. Байланыс телефондары: 8(717/2) 740501 Астана қаласы. Ұйымдастыру комитеті