Қаржы • 06 Ақпан, 2019

Халық салымдарының көлемі 8,4 трлн теңгені құрады

910 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының деректері бойынша, 2018 жылы ІІІ тоқсанда ұжымдық сақтандыру жүйесіне қатысушы банктердегі  халық салымдарының көлемі 8,4 трлн теңгені құрады.

 Халық салымдарының көлемі 8,4 трлн теңгені құрады

Бөлшек депозиттердің жалпы көлемі 86,1% немесе 7,3 трлн теңге мерзімді салымдарға дейін түсті. Карт-шоттардағы қаражат қалдықтары 10,6% немесе 895,7 млрд теңгені құрайды. Шартты салымдар 3,1% немесе 259,5 млрд теңгеге түсті. Ал талап етілгенге дейінгі салымдар 0,2% немесе 19,7 млрд теңге болды.

Орналастырылған қаражат көлемі бойынша салымдардың ең жоғары үлес салмағы 5 млн теңгеге дейін — 26,4% (1,9 трлн теңге), екінші орында 500 млн теңгеден астам салымдар — 24,7% (1,8 трлн теңге), үшінші орында — 50-ден 500 млн теңгеге дейін 19,2% (1,4 трлн теңге).

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты – қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау. Ол үшін конкурстық негізде салымшылар үшін арнайы банк-агенті таңдалады.

Қордың міндеттеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу, қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кіреді. Аталған Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қызмет көрсетеді. Сондай-ақ банк жүйесіне сенімді қолдау бойынша мәселелерді шұғыл шешуге көмектеседі.

Қордың қызметі елдегі екінші деңгейлі банктердегі халық жинақтарының өсуіне және елдің банк секторындағы өтімділігінің жалпы деңгейінің артуына да ықпал етеді. Сондай-ақ мемлекеттің қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде қорға банктердің қаржылық дәрменсіздігін жою және реттеу бойынша, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы бірқатар жаңа функциялар мен өкілеттіктерді беру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Qazaq Banki, Астана Банкі және Эксимбанк банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. Банк ВТБ (Qazaq Banki), Еуразиялық Банк (Астана Банкі) және «Қазпочта» АҚ (Эксимбанк) өтемді төлеу агент-банктері болды.

Банк ВТБ салымшыларға 19,2 млрд теңге төледі, 2019 жылдың 31 қаңтарына кепілдік берілген өтемнің қалдығы 1,2 млрд теңгені құрады.

Еуразиялық Банк 30,7 млрд теңге төледі,қалдық — 6,8 млрд теңге.

«Қазпочта» ағымдағы жылдың 4 ақпанынан төлемді бастады, кепілдік берілген өтемнің қалдығы 258,3 млн теңгені құрайды.