Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Баянауыл ауданында қайғылы оқиға болды

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше, Ұзынбұлақ ауылында ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасы ата-анасы, 4, 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза таптқан.

Баянауыл ауданында қайғылы оқиға болды

Өткен 7 ақпан  түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң туыстары Бекбатыровтардың үйіне барады.

Есік ашылмаған соң, есікті бұзып кірген кезде отбасы мүшелерін тіршілік белгілерісіз жатқан күйінде тапқан. 

Өткен жылы өңірде 873 өрт оқиғасы тіркеліп, 34 адам көз жұмыпты. Оқыс оқиға салдарынан 33 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Биыл жыл басталмай жатып, 46 өрт оқиғасы орын алып, 6 адам бақилық болған. Оның біреуі – бала.  

Сақтасаң сақтайды. Өкінішке қарай, сақтық шараларын сақтамаудан  қайғылы  оқиғалар болып жатыр. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы