Спорт • 07 Ақпан, 2019

Шымкенттегі жарыста алғашқы чемпиондар анықталды

152 реткөрсетілді

Бұл күндері күрес түрлері бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. 

Грек-рим күресінен өткен жарыста 55 кило салмақ дәрежесінің бас жүлдесін Аманғали Бекболатов пен Қорлан Жақанша өзара сарапқа салды. Бұл тартыс Жақаншаның жеңісімен аяқталды. Қола медальді Жансерік Сәрсенбаев пен Бауыржан Сәдуақасов иеленді. 

60 кило салмақтың алтын медалі үшін Нұрболат Темірбеков пен Мейрамбек Айнағұлов айқасты. Бұл бәсекеде әлем чемпионатының қола жүлдегері деген атағы бар Айнағұловтың асығы алшысынан түсті. Олжас Сұлтан және Ернар Фидахметов үшінші орынға табан тіреді. 

74 кило салмақтағы шешуші бәсеке Демеу Жадыраев пен Ибрагим Магомадов арасында өтті. Дүниежүзілік додада күміс медальді кеудесінде жарқыратқан Жадыраевтың үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Зелемхан Усманов пен Әбунасыр Өмірзақ қола жүлдені еншіледі.

77 келі салмақтың финалында Асхат Ділмұхамедов пен Темірлан Шадукаев күш сынасты. Кезінде Азия чемпионы атанып, Лондон Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі Ділмұхамедов жас дарыннан айласын асырды. Үшінші орында – Илимдар Сәтаев пен Асхат Жаңбыров.   

97 кило салмақ дәрежесінің теңдессізі Әлімхан Сыздықов пен Ерұлан Ысқақов арасындағы тартыста анықталады. Шешуші тұста Сыздықов қарсыласына сан соқтырып кетті. Бақтияр Жылысбаев пен Олжас Сырлыбай қоланы қанағат тұтты. 

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар