Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

«Әбіш оқыған мектеп»

1014 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл өтетін қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР Халық жазушысы марқұм Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай  бүгін Маңғыстау аудандық Жастар орталығы мен «Жас Отан» ЖҚ  аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Онды ауылында «Әбіш оқыған мектеп »  танымдық іс шарасы өтті.

«Әбіш оқыған мектеп»

Шара  Ұштаған ауылындағы  Асқар Өтепбергенов атындағ орта мектептің акт залында ұйымдастырлды. Мектепактзалында ине шаншар орны жоқ. 

Шараға Ұштаған ауылының тұрғындары Ә.Кекілбаевтың сыныптас досы Түгелов Күбірбай, Өмірбердиева Нұртуған, және Ә.Кекілбаевтың ұстазы Өтебаева Көжек апайы және   мектеп  басшысы Қ.Оңғарбаев пен аудандық жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев  және мектеп оқушылар мен ауыл тұрғындары  қатысты.

Шарада алдымен  Ә.Кекілбайұлы  туралы деректі фильм көрсетілді. Бұдан соң  мектеп басшысы Қ.Оңғарбаев  құттықтау сөзін арнап: «Біздің ауыл небір таланттар түлеп ұшқан киелі мекен. Соның бірі қазақ елінің мақтанышы Әбіш Кекілбаев. Әбіш ағамыз бұл мектепте 8 сыныпқа дейін оқып әрі қарай Таушықтағы Шахта орта мектебінде оқыды. Ол бүкіл Алаш жұртына ортақ тұлға.»   деді.

 Бұдан соң Ұштаған ауылының тұрғындары Ә.Кекілбаевтың сыныптас досы Түгелов Күбірбай, Өмірбердиева Нұртуған, және Ә.Кекілбаевтың ұстазы Өтебаева Көжек апайлары сөз алып өз естеліктерімен бөлісті.  

Шарада А.Өтепбергенов атындағы орта мектептің оқушыларынан құралған "Үркер" драмалық тобының "Шешендік - ұлт тектілігі" атты Әбіш шығармасынан көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Сондай ақ шарада мектеп оқушылары  Асхат Еркін, Гүлназым Бөлекбаева,   Аслан Бағлан, Дархан Қойшыбайлар  Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан шашу шашса, жас ақындарАғилаш Өмірова мен  Мағжан Әуезовтер өз арнауларын оқыды.

Шара соңында ұйымдастырушылар шараға белсене қатысқан аналар мен барлық жас өнерпаздарға алғыс хаттармен сыйлықтар табыстады. Осындай шара наурыз айында Онды ауылында "Әбіш әлемі" атты жас ақындар мүшайрасымен өз жалғасын табатын болады.

Қалампыр Құлмыратова,      

Жастар орталығының маманы

Маңғыстау ауданы