Бокс • 10 Ақпан, 2019

Қазақстан тумасы кәсіпқой рингте жеңіске жетті

71 реткөрсетілді

Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, германиялық Кристина Хаммер өзінің кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Берлинде өткен жарыста ол грузиялық Елена Сикмашвилимен сайысқа түсті. Бәсеке сегіз раундтық болғанымен, Хаммер екінші раундта өз қарсыласын ұрып жықты. Осылайша, ол кәсіпқой рингтегі 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Жалпы ол шаршы алаңдағы өзінің барлық кездесуінде басымдық танытып, 10 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Тек бір ғана жекпе-жектің нәтижесі есепке алынған жоқ.

Кристина Хаммер 1990 жылы Қарағанды облысында туып-өсті. Балауса кезінде ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды. Дортмунд қаласында бокстың қыр-сырына қанығып, 2008 жылы әуесқойлар арасында ел чемпионатының күміс жүлдері атанды. 2009 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынап жүр. Араға бір жыл салып Бермунд аралдарының өкілі Тереза Пероцциді ұпай санымен ұтып,  WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Сол кезден бері Хаммер түрлі нұсқалардың үш салмақ дәрежесі бойынша алтын белбеулерді иеленді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар