Форум жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда-саттық жөніндегі Алқасының мүшесі (министр) Вероника Никишина, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек, Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Беспрозванных, Беларусь Республикасының салық және алым жөніндегі министрінің орынбасары Владимир Муквич, Қырғыз Республикасының экономика министрінің орынбасары Дастан Қадыров қатысты.
ҚР Бірінші Вице-Премьері өнеркәсіптік және акцизделетін өнімдерде, АӨК, фармацевтикада цифрлық технологияларды дамыту мен ЕАЭО аясында одан әрі интеграциялану тұрғысынан сауда-саттықты арттырудың жаңа мүмкіндіктерін құрудың маңыздылығын атап өтті.
«Сауда-саттықты ынталандыру, кедергілерді жою, институционалдық ортаны стандарттау бойынша жұмылдырылған бірлескен күш-жігердің арқасында біз экономикаларымызды өсіру тетіктерін кеңейтіп, жаңаларын құрдық. Бұл ЕАЭО елдері экономикаларының жоғары өсім қарқынын қамтамасыз етуге ықпал етті», — деді А. Мамин.
Ақша-несие жағдайларын қатаңдату және инвестициялық саясат кеңістігін тұрақты қысқарту жағдайында ЕАЭО кеңістігінде тауарларды таңбалау және бақылау жүйесін енгізу ерекше маңызға ие болуда.
«Лицензияланбаған өнім айналымымен күрес экономика салаларын дамыту, отандық өнім өндірушілер шығындарын қысқарту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін кеңейту үшін базаны ұлғайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында қосымша кеңістік құрудың іске қосылмаған тетігі деуге болады», — деді Бірінші Вице-Премьер.
Халықаралық сауда палатасының мәліметтері бойынша, заңды өндірушілерді ығыстырудан туындаған сатудан алынатын салықтардың толмау көлемі жылына $90 млрд құрайды.
«Сонымен қатар, жосықсыз өндірушілер мен жеткізушілердің технологиялық жарақтандырылуы жетілдірілуде, лайықсыз сапа өнімі қосылған құн құрудың әр кезеңінде барлық құндық сегменттерді қамтуда», — деді А. Мамин.
Тауарларды таңбалау және бақылау саласындағы жобаларды жаппай енгізу соңғы он жылда халықаралық және ішкі саудадағы негізгі үрдістердің бірі болуы заңдылық. Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компаниясы жүргізген зерттеулерге сәйкес, алдағы 10 жылда таңбалауға жататын топтар тізімі тауарлардың барлық атауларының 70-80% жетеді. ҚХР, Бразилия, Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақта қызмет етіп тұрған жобалар өздерінің сәтті нәтижелерін көрсетті, бүгінде олар қозғалған салаларда салықтардың жиналуын 20-40% арттыруға жол ашты.
Таңбалау жобаларын іске қосудың нәтижесінде елдер «сұр» нарық көлемін едәуір қысқартып, бюджеттің кіріс бөлігін кеңейтті. Адал бизнес нарықтан кетіп жатқан жосықсыз бәсекелестік есебінен сауданы ұлғайтуда.
«ЕАЭО-да ынтымақтастық орнату аясындағы бірлескен күш-жігердің арқасында табысты тренд біздің елдерімізде шынайылыққа айналуда», — деп А. Мамин, «ЕАЭО аясында аталған бағытты іске асырудың қажетті құқықтық негізі салынғанын, бастаманы іске асырудың табысты мысалдары бар екенін атап өтті».
Іске қосылған үдерістер Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді. Контрафакт көлемін 1% қысқарту тек бөлшек сауда-саттықта заңды бизнеске $100 млн дейін кеңістікті босатуға мүмкіндік береді.
«Біздің мақсатымыз бір – тауар айналымын ұлғайту және заңды нарық құру, көлеңкелі экономиканы төмендету, Одақ аясында бизнес жүргізудің бәсекелі жағдайларын теңестіру», — деп А. Мамин, бірлескен кешенді тәсіл ЕАЭО елдерінің экономикалары үшін мультипликативті әсер беретінін атап өтті.