Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Кәсіпкер көпбалалы 2 отбасыға үй салып берді

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» ЖШС басшысы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген Сырым Ертаев өз қаржысы есебінен көпбалалы 2 отбасыға баспана салып берді.

Кәсіпкер көпбалалы 2 отбасыға үй салып берді

Өткен жылдың сәуірінде «Egemen Qazaqstan» газетінде ата кәсіпті жаңғыртып, жомарттығымен танылған Сырым Ертаевтың еңбегі мен үлгілі бастамалары жөнінде жазған едік.  Елге жасап жүр­ген қайы­рым­ды­лық істері жөнін­де айту­ды мүл­де ұнатпайтын аза­мат­тың мүм­кіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасы­лар­ға қол­дау көрсетіп, қаржылай көмек бе­ріп жүргенін, көпбалалы, жал­­ғыз­ілікті аналарға баспана са­лып беріп, бала тәрбиесімен алаңсыз ай­на­лысуына жағдай жа­сап жүр­ге­нін жазған едік сол жолы. Бұл іс­ті кәсіпкер өз ауылында ғана емес, көрші елді мекендер­де де жал­ғастырып жүргенін, жылына 3-4 тұр­­­ғын үй мұқтаж жандарға те­гін бері­­­летінін де айтқанбыз. Кәсіпкер бұл игі ісін тоқтатқан жоқ. Қазығұрттық екі отбасы бүгінде жаңа баспана үшін кәсіпкерге алғысын білдіруде.

Сондай-ақ, кәсіпкер көптеген тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Осылайша, ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына шынайы ел патриоты ретінде енгенін ісімен дәлелдеп жүр. Кәсіпкердің қайырымдылық жолындағы үлгісін аудандағы жомарт жүректі жандар да қолдап, жалғастыруда. Соның бірі ретінде аудандық "Жалында жастар" қоғамдық бірлестігінің облыс және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарын және азық-түлік алып бергенін айта кетелік.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы