Әлем • 11 Ақпан, 2019

Мәшһүр суретші бізге қандай инновация үйретті?

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Майкрасофт корпорациясының жетекшісі, филантроп Билл Гейтс Леонардо да Винчи туралы ойларымен бөлісті.

Мәшһүр суретші бізге қандай инновация үйретті?

Оптимизм мен өнердің арасындағы сабақтастық туралы ойлай бастағанда, санама келетін әуелгі адам - Леонардо да Винчи.

1994 жылы Леонардо өз ойы мен идеяларын жазған Codex Leicester ноутбугын сатып алдым. Мен ондаған жылдар бойы Леонардо туралы оқумен келемін.

Леонардо «Mona Lisa», «Lust supper» сынды туындыларымен тарихта қалды. Бірақ өз ойында ол, негізінен, суретші емес, инженер еді. Ол «тойымсыз» студент болады. Жанарымен көре алған өнердің бар түрін меңгеруге тырысқан. Келешекті елестете алатын көзі ашық, көкірегі ояу жан болды. Жүрек клапанының жұмысы туралы жасаған теориясын зерттеушілер бірнеше ондаған жыл бұрын ғана тәжірибе жүзінде тексере бастады. Ол – ай ортасындағы екі нүктені көре алатынымыздың себебін алғаш дұрыс түсіндіріп берген адам.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшісіне оптимизм не үшін керек деп ойладым. Мұндағы байланыс инновацияда болса керек. Мен келешекке оптимистік көзқараспен қараймын. Себебі, адамзаттың білімі миллиардтаған адамдардың өмірін жақсартуға ықпал етті. Алдағы уақытта да бұл үрдістің жалғасатынына сенемін. Мен өнертанушы емеспін. Бірақ, Леонардо туралы менің білгенім «ол инновациялық жаңалықтардың көш басында тұр» деген ойға жетелейді.

Оның өнері үшін мұндай ғылыми ізденіс қажет болды. Ол осындай ізденістен соң  Мона Лизаның жымиысындағы бұлшық етті дөп бейнеледі. «Last Supper» туындысында адам көзінің қашықтықтан көруді қабылдауын түсінуге есепсіз уақытын жұмсады. Сондықтан оны мінсіз етіп сала алды. Айналасын терең зерттеу арқылы жаңа дүниелерді  тануы оған әлемнің бұған дейін ешкім байқамаған қырын аңдауға мүмкіндік берді.  Бір сөзбен айтқанда, ол – инноватор.

Биыл Леонардо да Винчидің өмірден өткеніне – 500 жыл.

Аударған Салтанат ШЫНӘДІЛ