12 Ақпан, 2019

Талдықорғанда кәсіби бағдарлау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жастарды кәсіби бағдарлау мәселелері: қазіргі жағдай және олардың жүзеге асу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талдықорғанда кәсіби бағдарлау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шара барысында «Didakt-kz» кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығының мамандары қатысып, тәжірибелерін ортаға салды.

- Біз жастар арасында жыл сайын арнайы әлеуметтік зерттеу жүргіземіз. Нәтижесіне қарап, мектеп бітірушілері өздерінің мүмкіндіктерін, таңдаған кәсіптеріне қатысты талаптарды және еңбек нарығын жеткіліксіз түсінетінін байқаймыз. Қазіргі күні оқушылардың кәсіптік бағытын жылдам айқындау  – заман талабы. Өйткені әр 2-3 жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Осындай жағдайларда біз балалардың метадағдыларын дамытуымыз керек, - дейді «Didakt-kz» кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығының директоры Гүлбарам Адамбаева.

Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысқан дөңгелек үстелде Талдықорған қалалық әкімдігі, Білім бөлімі мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де сөз алып, мамандық таңдау мен жұмыста жетістікке жету жолдары жайлы әңгімеледі.

Сондай-ақ дөнгелек үстелде 8-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған кәсіби бағдар бойынша диагностикалық тест, «Х адамдар: мамандықтар әлеміне саяхат» атты ауқымды квест ойыны да ұйымдастырылды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы