12 Ақпан, 2019

Әлихан Смайылов: Бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістер артығымен орындалды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Әлихан Смайылов «2019 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы» Үкіметтің отырысында өткен айдың қорытындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлерінде  кірістер  артығымен орындалғанын айтты.

Әлихан Смайылов: Бюджеттің барлық деңгейлерінде  кірістер  артығымен орындалды

«Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 117,9%-ке, оның ішінде республикалық бюджеттің кірістері – 112,5%-ке, жергілікті бюджеттердің – 134,6%-ке асыра орындалды» - деді министр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов әр көрсеткішке жеке-жеке тоқталды.

«Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 593 млрд.теңгені құрады. Былтырғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда олардың өсу қарқыны 128%-ті құрады.

Бюджетке 130 млрд.теңге кірістер көп түсті. Республикалық бюджетке 428 млрд.теңге кірістер түсті.

Бұл жоспардан 47,6 млрд.теңгеге, ал былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 129 млрд.теңгеге артық. Өсу қарқыны - 143,1%».

Оған қоса жергілікті бюджетердің өз кірістері 43 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 166 млрд.теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 81%-і, яғни 35 млрд.теңгесі салықтық түсімдерге келеді. Олардың ішінде жеке табыс салығына - 15 млрд.теңге және әлеуметтік салыққа – 14 млрд.теңге.