Қоғам • Бүгін, 11:36

Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді

Коллаж: Qaz365.kz

Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
«Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды», делінген ҚР ҚМА ақпаратында.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімі, аяқ киімдер, зергерлік бұйымдар, сөмкелер табылып, тәркіленді.

«Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды», делінген ақпаратта.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.