12 Ақпан, 2019

Боксшылар Болгарияда жұдырықтасады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 ақпанда Болгарияның астанасы – Софияда бокстан «Странджа» турнирі басталады. 70 мәрте ұйымдастырылғалы отырған дәстүрлі турнирде Қазақстанның 10 өрені өнер көрсетеді.

Боксшылар Болгарияда жұдырықтасады

Ұлттық командамыздың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев осы жарысқа еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлерін апаруды жөн көрген екен. Олардың қатарында Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит (91 кило), әлем чемпионы Қайрат Ералиев (57 кило), әлем чемпионатының жүлдегерлері – Абылайхан Жүсіпов (69 кило) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило) сынды саңлақтар бар. Сондай-ақ, Теміртас Жүсіпов (49 кило), Әнуар Мұзафаров (52 кило), Зәкір Сафиуллин (60 кило), Санатәлі Төлтаев (64 кило), Ерік Әлжанов (75 кило) және Бек Нұрмағанбет (81 кило) шаршы алаңға шығады.

Былтыр дәл осы турнирде Қазақстан құрамасы да өнер көрсеткен болатын. Сол жарыста Сабыржан Бекбергенов (64 кило) алтын алса, Нұрбол Қалжанов (56 кило), Қанағат Маралов (69 кило), Михаил Коханчик (81 кило) және Абзал Құттыбеков (91 кило) қола медальді иеленді.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»