01 Наурыз, 2012

Әскери білімнің биігіндегі 15 жыл

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әскери білімнің биігіндегі 15 жыл

Бейсенбі, 1 наурыз 2012 7:28

Кеше Ұлттық қорғаныс университеті өзінің 15 жылдық мерейтойын салтанатты жағдайда атап өтті. Әскери білім ордасын құ­рылған күнімен құттықтауға құрметті қонақтар көптеп келді. Мәртебелі меймандарға мерейтойлық медальдар табыс етілді. Мерекеге жиналғандар алдында Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Николай Қуатов сөз сөйледі.

 

Бейсенбі, 1 наурыз 2012 7:28

Кеше Ұлттық қорғаныс университеті өзінің 15 жылдық мерейтойын салтанатты жағдайда атап өтті. Әскери білім ордасын құ­рылған күнімен құттықтауға құрметті қонақтар көптеп келді. Мәртебелі меймандарға мерейтойлық медальдар табыс етілді. Мерекеге жиналғандар алдында Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Николай Қуатов сөз сөйледі.

Әскери білімнің қара шаңырағында Қазақстан Қарулы Күш­терімен қатар, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың офи­церлері жоғары білім алады. Сонымен қатар, Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер Қарулы Күштерінің өкілдері де осы жерде білім алуда.

Ұлттық қорғаныс университеті Орталық Азия аймағындағы жоғары әскери білім беретін бірден-бір оқу орны болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы­мен Алматы жоғары әскери училищесі ҚР ҚК Әскери академиясы болып қайта құрылды. 2003 жылы аталған академияның базасында «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Оқу орнының негізгі тапсырмаларының қатарына әскери ма­ман­­дарға магистратура мамандығы бойынша жоғары білім беру, адъюнктура мамандығы бойынша ғылыми және ғылыми-педа­гогикалық мамандар дайындау кіреді. Сонымен қатар, жоғары академиялық курстар мен әскери ғылым саласындағы ғылыми зерттеулер де осы жерде жүзеге асады.

Былтырғы жаңа оқу жылында Ұлттық қорғаныс универси­тетінде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен әскери және мемлекеттік басқару, докторантура және ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің факультеттері салтанатты жағдайда ашылған болатын.

Заманауи құрылғылар болашақ командирге электронды кар­тадағы тактикалық жағдайға қарап, жедел және шынайы уақыттағы жауынгерлік қимылдардың кез келген түрін модельдеуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, олар экранда сызбаларды, кестелер мен фильмдерді жасауға қол жеткізе алады.

Қазіргі уақытта университеттің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық үдерістерді басқару факультетінде «Халық Қаһарманы» капитан Азамат Жұмаділов тыңдаушы ретінде оқып жатыр.

Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.