Қаржы • 12 Ақпан, 2019

Банк ВТБ «Астана Бизнес 2» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін аталмыш Банк Даму Қорымен және Астана әкімдігімен «Астана Бизнес 2» бағдарламасына 300 миллион теңге сома көлемінде қатысатындығы жөніндегі несиелік келісімге қол қойды. Бұл бағдарлама Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыруды көздейді. Ал жоғарыдағы соманың қаражаттың 100 миллион теңгесін қалалық әкімдік, ал 200 миллион теңгесін – Даму Қоры бөлді.

Банк ВТБ «Астана Бизнес 2» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды

Осы бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) елорданың ісін жаңа бастаған және ісі жүріп тұрған кәсіпкерлеріне номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдетілген несиелер беретін болады.

– Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес секторына елеулі қолдау көрсететін көптеген жобаларды жүзеге асырды, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – 2017 жылы біз «Астана-бизнес» бірінші бағдарламасы аясында елордалық бизнесті қаржыландыруға банкке бөлінген қаражатты табысты игердік. Жалпы сомасы 200 миллион теңгеге жеті клиент қаржыландырылды. Бұған дейін біз басым салаларды дамытуға ғана несие бере алдық, «Астана Бизнес 2» бағдарламасы аясында мұндай шектеулер жоқ.

Нарықта үш жылдан астам уақыт жұмыс істейтін кәсіпкерлер Банктен «Астана бизнес 2» бағдарламасы бойынша 100 миллион теңгеге дейін; тіркелгеніне үш жылдан аспаған, яғни ісін жаңа бастаған бизнесмендердің – 50 миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндіктері бар.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ