27 Наурыз, 2012

Алғыс айтады

309 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алғыс айтады

Сейсенбі, 27 наурыз 2012 7:12

Сарыағаш ауданында бұрынғы Келес ауданын қосқанда жалпы 295320 халық тұрады. Осы елдегі 22 науқас созылмалы гломерулонефритпен, созылмалы бүй­рек­тің жұмыс істеу қабілеті ауруымен ауырып, оның 9-ы аптасына 3 рет, 6-ы аптасына 2 рет, 7-і аптасына 1 рет гемодиализ, яғни, жасанды бүйрек аппаратымен, аудан ара­лы­ғынан 130 шақырым жердегі Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық аурухана­сындағы гемодиализ орталы­ғын­да емделіп келді.

 

Сейсенбі, 27 наурыз 2012 7:12

Сарыағаш ауданында бұрынғы Келес ауданын қосқанда жалпы 295320 халық тұрады. Осы елдегі 22 науқас созылмалы гломерулонефритпен, созылмалы бүй­рек­тің жұмыс істеу қабілеті ауруымен ауырып, оның 9-ы аптасына 3 рет, 6-ы аптасына 2 рет, 7-і аптасына 1 рет гемодиализ, яғни, жасанды бүйрек аппаратымен, аудан ара­лы­ғынан 130 шақырым жердегі Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық аурухана­сындағы гемодиализ орталы­ғын­да емделіп келді.

Гемодиализ аппараты Абай ауылында, Сарыағаш қаласында, Қазығұрт ауданында болмаған. Осы аурулардың барлығы Шымкентте ғана ем-дом алуға тиіс еді. Сон­дықтан, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаиловқа өтініш айтқан едік. Облыстық денсаулық сақтау басқар­ма­сы­ның осы мәселеге түсіністікпен қара­уы­ның арқасында Абай ауылы және Қазы­ғұрт ауылы ортасында орналасқан Сарыағаш аудан­дық орталық ауруханасынан гемодиализ орталығы ашылды. Оған Германияда шы­ғарыл­ған, «Фрезениус медикал кейр-4008 S» аппараты іске қосылып, 22 науқас емдерін алып, үлкен алғыс білдіріп жатыр.

 Осында емделіп жатқан Мамырбеков Қаныбек барлық науқастардың атынан заманауи медициналық құрал-жабдықтарды алуға Үкіметке тапсырма берген Мемлекет басшысына және облыс басшылығына рахмет айтады.

– Мен 1998 жылдан бері осы ауруға шалдықтым. Өз басым Шымкент қаласына аптасына 3 рет ем алу үшін жексенбі күні Сарыағаш қаласынан кетіп, сенбі күні үйге келетінмін. Сонда жетісіне 1 күн ғана үйде боламын. Үйдегі бала-шағамды сағынып келіп, мауқымды баса алмай жексенбі күні емделуге қайта кетуге мәжбүр едім. Шымкент қаласында қонатын үйім де жоқ, пәтер жалдап жатып емделдім. Қыстың тайғақ күндері, жаздың ыстық кездері барып-келуге өте қатты қиналдық. Қазір Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан гемодиализ орталығының ашылғанына рахмет айтамыз,–дейді.

 Бұл бір адамның пікірі ғана. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұндай жақсылықтармен ғана шектеліп отырған жоқ, аудандық аурухананы ине-жіптен жаңа шыққандай жөндеуге қаражат бөлді. Науқастардың ойдағыдай емделуіне жағдай туғызды. Бұл басқарманың тікелей мін­детіне жатқанымен, бұрынғы басшылар тарапынан қозғалмаған сең еді. Үш жүз мыңға тарта халқы бар Сарыағаш ауданы енді емделу үшін Шымкентке сабылмайтын болды.

Бекбосын ТӘШЕНОВ, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Оңтүстік Қазақстан облысы.