Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 түрін экспорттайды

132 реткөрсетілді

Соңғы 6 жылда экспортталатын өнімдер 3 түрден 15-ке дейін ұлғайды.

«Тек соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 27%-ға өсті, ал, оның 97%-ы өңделген өнім үлесіне тиесілі. Дәл қазір біздің алдымыздағы міндет - шикізат өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапалы дайын өнім шығару мақсаты тұр. Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортталатын өнімдердің тізімі тек соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес, облыстың экспорттық әлеуеті өте ауқымды» деді аймақ басшысы.

2016 жылы  көп жылдардан бері алғаш рет бақша өнімдерін экспорттау жаңғыртылды, 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иран, Моңғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорттай бастады. Ал 2018 жылы Қытайға алғаш рет мақсары май жөнелтілді.

Егер 2017 жылы облыс экспортқа 2,2 мың бас қой жөнелтсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 4 есеге артты; 8191 бас мал Ресей Федерациясы мен Иранға жөнелтілді. Сонымен қатар, алғаш рет ірі қара малды союға экспорттай бастады.

Аймақта  халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының болмауына байланысты малды шетелге жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді. Биылғы жылы Қызылорда қаласында қуаттылығы күніне  200 бас ірі қара және 1000 бас ұсақ мал соятын заманауи ет комбинатын салу жоспарланып отыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер жастармен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 15:33

Бал татыған балауса үн

Руханият • Бүгін, 10:15

Сапалы қызметке сұраныс көп

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Шымкент – өрісті мегаполис

Аймақтар • Бүгін, 10:08

Тұлға тағылымы

Руханият • Бүгін, 10:05

Ымыраластыруға ынтамен кірісті

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жан азығы

Руханият • Бүгін, 09:34

Ұқсас жаңалықтар